The website color
Distance between letter distance
Images
04.05.2015

ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ


ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚШ ЕЛШІСІН ҚАБЫЛДАДЫ  

 

                Астана, 4 мамыр. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Кролды қабылдады.

                Мәжіліс Спикері мейманды елшілік қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен саяси үнқатысудың алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

                Кездесу иелері Қазақстанда өткен президенттік сайлауға айрықша назар аударды.

                Қабиболла Жақыпов қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шексіз қолдауы мен сайлаушылардың жоғары белсенділігін алға тарта келіп, Қазақстан халқы Елбасының саяси бағытын жалғастыруға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа дауыс бергенін атап өтті.

                Елші өз кезегінде қазақстандықтарды халықтың шынайы тілегін жеткізген сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, одан әрі Қазақстанның бүгінгі күні таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізгенін, Президент жоспарының біздің еліміз үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын жеткізді. 

                Тараптар Елбасы бастамашы болған 5 институционалдық реформаның маңыздылығына тоқталды.  Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды Жаңғырту жөніндегі  Ұлттық комиссия қолға алады.

                Қабиболла Жақыпов пен Джордж Крол қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, технология және инновация бағыттарында, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты күшейту әлеуетінің зор екендігін сөз етіп, қазақстандық-американдық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына назар аударды.

                Мәжіліс Спикері елшіні Қазақстанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардан хабардар етті.  

 

 

 

 

                  


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan