The website color
Distance between letter distance
Images
29.06.2015

МӘЖІЛІСТЕ: ҚАЗАҚСТАН-КУБА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ


МӘЖІЛІСТЕ: ҚАЗАҚСТАН-КУБА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

Астана, 29 маусым, Мәжіліс Үйі.

 

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Сергей  Дьяченко Куба Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Серра Диаспен кездесіп, Қазақстан-Куба қарым-қатынасын нығайта түсу мәселелерін талдады.

Мәжіліс вице-спикері Куба Қазақстанның Кариб бассейніндегі сенімді серіктесі екендігін атап, біздің еліміз алдағы уақытта да мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты өркендетуге мүдделі екендігін білдірді.

Екі ел арасында өзара пайдалы әрі мүдделі бағыттар көп болғандықтан, Мәжілістің вице-спикері Куба іскерлерінің компанияларын «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуға ұмтылысын қолдағандықтарына алғысын жеткізді.

Кубаның Сыртқы істер вице-министрі қазақстандық спортқа деген жоғары көзқарасын айта келе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындықтарын мәлімдеді. «Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікті нығайту жолында үлкен үлес қосып отыр»,- деп баға берді. «Қазақстан Кариб зонасына біз арқылы өтсе қуанар едік»,- деген ақжарма тілекпен  парламентаралық байланыстарға тоқталды. Қазақстан парламентшілерін заң шығару жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында еліне шақырды.

 

Жүздесуге Қазақстан тарапынан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вальдес Де Ла Консепсион қатысты.

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

               

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan