The website color
Distance between letter distance
Images
22.07.2015

ДЕПУТАТТАР- ШҚО- СЕМЕЙДЕ


ДЕПУТАТТАР-

 ШҚО- СЕМЕЙДЕ

 

Астана, 22 шілде, Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Светлана Ферхо мен Александр Милютин  жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр.

 

16 шілде күні мәжілісмендер Семей қаласында болды.

Алдымен халық қалаулылары Полковничий аралына орналасқан ядролық сынақ құрбандарына қойылған ескерткіш «Өмірден күштілер» монументіне барды. Аралдың құрылысымен танысқан олар ағалауда ауданның бұрынғы понтон көпірімен танысты. Мұнда депутаттар жергілікті билік өкілдеріне көпірді беріктендіруге қажетті шаралар жасап, жағаны шайып кетудің алдын алуға айрықша назар аударуға  қажетті ұсыныстарын айтты.

Жұмыс сапары әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуге ұласты. Семейдегі көне көз оқу орындарының бірі – Рымбек Байсейітов атындағы экономика-қаржы колледжіне жиналған ұстаздар мен қаланың денсаулық және  әлеуметтік сала қызметкерлерін С.Ферхо зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерге жасалған өзгерістер жайымен таныстырды.

Одан кейін  Семейдегі «Нұр Отанның» қалалық филиалында С.Ферхо Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі бойынша Анар Баужановаға партияның «Бақытты балалық» қаржылай жобасының сертификатын тапсырды. А.Баужанованың қаржы қорына депутат материалдық көмек ретінде алғашқы жарна аударды.

Ары қарай депутаттар азаматтарды жеке мәселелермен қабылдады. Депутаттар шешімін таппай жатқан барлық мәселелер бойынша нақты жауаптар қайтарып, тиісті мемлекеттік орган жетекшілеріне өтініштерді қарап, талдап тиісті шаралар қолдануға тапсырмалар берді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan