The website color
Distance between letter distance
Images
07.10.2015

МӘЖІЛІС- ШЫҰ: СОТ ПЕН ЗАҢ


МӘЖІЛІС- ШЫҰ: СОТ ПЕН ЗАҢ

 

Астана, 7 қазан, Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Парламентте Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің соттарымен кездесті.

Кездесуге Қырғызстан мен Тәжікстаннан да меймандар қатысты. Басқосушылар ювиналдық сот мәселесін талқылады. Онда Светлана Бычкова қазір қазақстандық парламентшілер балалар құқығына қатысты заң жобасын әзірлеп жатқанынан хабардар етті. Оған ЮНИСЕФ тарапынан болған ұсыныстарды қабылдап, мақсат – Қазақстанда жетім балалар үйін болдырмау.

Жүздесуде  тағдыр талқысына түскен жасөспірімдер, екіжақты келісімге тоқтау, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, интернаттық ұйымдар, қиын балалар тағдырына бақылау т.б. мәселелер қозғалды.

Кездесуге қатысушылар аталған мәселелердің өзектілігі заңнаманы жетілдіру қажеттігін туғызып, тәжірибе алмасу, соның ішінде ШЫҰ бойынша қызметтік байланысты қажетсінетінін атап өтті.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan