The website color
Distance between letter distance
Images
27.06.2016

«БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ»100 ҚАДАМ


«БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ»100 ҚАДАМ

Астана, 27 маусым. Мәжіліс Үйі.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде «Аграрлық саланың қайта өңдеу секторына стратегиялық инвесторларды тарту және экспорттық тауашаға орналасу бөлігінде «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 қадам – Ұлт жоспарының» 55, 60 және 61-қадамдарын орындалу барысы туралы кеңейтілген мәжіліс өтті.

                Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Гүлмира Исаева «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» 100 қадам – Ұлт жоспарының» 55, 60 және 61-қадамдарының орындалу барысын баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

                Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі кезде 8 трансұлттық компанияның қатысумен 9 жобаның мониторингі жүргізілуде. Атап айтқанда:

- ірі қара мал мен ұсақ малдың етін өндіру және өңдеу жөнінде 2 жоба;

- құс етін өндіру және өңдеу жөнінде 1 жоба;

- сүт өндіру және өңдеу жөнінде 1 жоба;

- тоңмай өнімін өңдеу жөнінде 4 жоба;

- қызанақ пастасын өндіру жөнінде 1 жоба.

Жобаларды 2019 жылға дейін пайдалануға қосу жоспарлануда, жобалардың жалпы құны  шамамен 150,5 млрд. теңгені құрайды.

Өз кезегінде, талқыланған мәселе бойынша депутаттық корпус аталған жобаларды әлі де жан-жақты зерттеп, нақтылауды қажет ететіндігін және бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет екендігін айтты.

Кеңейтілген отырыс қорытындысымен Аграрлық мәселелер комитеті Министрлікке тиісті ұсыныстар жолдайтын болады. 

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  ........ www.parlam.kz` Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan