The website color
Distance between letter distance
Images
05.07.2016

Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев Сайрам ауданы сайлаушыларымен кездесті


Мәжіліс депутаты Ф.Қаратаев Сайрам ауданы сайлаушыларымен кездесті

Астана. 5-шілде. Мәжіліс үйі. Іс-сапар барысында Мәжіліс депутаты ең алдымен ауданның әлеуметтік ахуалына айрықша назар аударып, сайлаушылармен еркін пікірлесе отырып, өзекті сұрақтарды шешу жолдарын қарастырды.  Ол  көптеген елді мекендерді аралап, аурухана, мектептердің тыныс-тіршілігімен танысты.  

Сонымен қатар, Мәжілістегі заң шығармашылық қызмет, Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам», экономикалық өсім, тіл саясаты, әлеуметтік сала, Жер кодексіне енген түзетулер, білім саласы жайлы сияқты ауқымды мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады.

Мәжілістің өткен 3 айдың ішінде мемлекеттің экономикалық дамуына, қаржы жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік саланың нығаюына, халықаралық ынтымақтастықты арттыруға және қауіпсіздікті күшейтуге байланысты  бірқар заңдар қабылдағанын алға тартқан Мәжіліс депутаты экономиканың негізгі күретамыры саналатын отандық тауар өндірушілер жайына да айрықша көңіл бөлді.  

Кездесулер кезінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы да назардан тыс қалмады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan