The website color
Distance between letter distance
Images
15.07.2016

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НИЦЦАДАҒЫ ТЕРАКТІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ


ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ НИЦЦАДАҒЫ ТЕРАКТІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨҢІЛ АЙТТЫ

 

Астана, 15 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс спикері  Нұрлан Нығматулин Ниццадағы терактіге байланысты Франция Ұлттық Жиналысының Төрағасы Клод Бартолонға көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан және жеке өз атымнан Ницца қаласында қаза тапқандардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Біз қандай түрде және көріністерде болмасын лаңкестікті айыптаймыз. Төраға мырза, қаза тапқандардың туған-туыстарына біздің шынайы жанашырлығымызды жеткізуіңізді сұраймын. Марқұмдардың жандары жәннатта, топырақтары торқа болсын дей отырып, Франция халқына сабырлылық пен төзімділік тілеймін», - деп атап өтті Н. Нығматулин.     

 

(Мәжіліс Аппаратының баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan