The website color
Distance between letter distance
Images
25.10.2016

Мәжіліс-Ақтөбе: Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы


Астана, 25 қазан. Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті  «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын  талқылау   мақсатында  27-28 қазанда Ақтөбе облысында көшпелі отырыс өткізеді.

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселені қарастыру көзделіп отыр. (для контактов – Жомарт Бекебаев – 87018884652; 87771823525)  Біріншісі - «100 қадам: Баршаған арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын (74 және 75-қадамдарын) іске асыру мақсатында әзірленіп жатқан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын талқылау. Екінші мәселе – Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын қарастыру.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев, Энергетика вице-министрі Ә. Мағауов, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Т. Момышев, аталған министрліктің басқа да қызметкерлері, Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев және оның орынбасарлары, әкімдіктің жауапты қызметкерлері, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары, облыстық мамандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, жергілікті қаржы және құқық қорғау органдарының өкілдері, көмірсутекті шикізатты және қатты пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы көптеген жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың өкілдері қатысады.

Көшпелі отырыстың бағдарламасында Инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаевтың және Энергетика вице-министрі Ә. Мағауовтың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының тұжырымдамалық негіздері бойынша баяндамалары, жергілікті экологиялық органдар өкілдерінің сөз сөйлеуі көзделген.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan