The website color
Distance between letter distance
Images
19.04.2017

Мәжілісте: «Жеке сот орындаушылығы: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары»


Астана, 19 сәуір, Мәжіліс үйі.

                Ертең, 20 сәуір күні  Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың төрағалығымен «Жеке сот орындаушылығы: туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдары»  тақырыбында Комитет  отырысы өтеді.  Сағат 10-00-де, А-312 бөлмеде.

 

Отырысқа Парламент депутаттары, Әділет министрлігі,  Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, ұлттық экономика министрліктерінің жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің мүшелері, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өкілдері шақырылды.

Депутаттық корпусты жеке сот атқарушылығы институтының қазіргі жағдайы жайында Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов таныстырады.

Сондай-ақ Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы басқармасының төрағасы Сергей Михайлович Ли баяндама жасайды.

               

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan