The website color
Distance between letter distance
Images
17.05.2017

Мәжіліс: жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері


Ертең, 18 мамырда Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымы өткізіледі.

Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев тақырып бойынша баяндама жасайды.

Заң жобасын талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары,  білім және ғылым, ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау вице-министрлері орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Парламентте өкілдері жоқ саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар шақырылған.

Жұмыс тобының жетекшісі депутат Ж. Нұрманбетова.

Таныстырылым Мәжіліс Үйінде сағат 14.00-де № А-235 кабинетінде (конференц-зал, екінші қабат) өтеді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan