The website color
Distance between letter distance
Images
09.06.2017

Астана – Братислава: парламентаралық байланыстарды нығайту


                Астана, 9 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс депутаты Анар Жаилғанова Словак Республикасы Парламентіндегі Қазақстанмен парламенттік достастық тобының төрағасы Петер Марчекпен кездесті.

                Әңгіме барысында Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Словакиямен парламенттік достастық тобының төрайымы Астанаға келген әріптесіне Словак Республикасының жасыл технология саласындағы тәжірибесі ЭКСПО-2017 көрмесінің жүзеге асырылу барысында маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

                Сонымен қатар, парламентаралық байланыстардың үздіксіз дамып келе жатқандығы аталып кетті. Бүгінгі күні Қазақстан мен Словакия парламенттерінде екі ел арасындағы ыңтымақтастық топтары бар.

                Депутаттар бірауыздан сапар алмасу практикасын жалғастыру қазақ-словак парламентаралық ыңтымақтастығына жаңа серпін әкеледі деп келісті. Өз кезегінде бұл саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

 

                (Мөлдір Мұса, 74-63-04. Сурет – Жаслан Құспанов. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan