The website color
Distance between letter distance
Images
15.08.2017

Мәжіліс депутаты Ж. Ахметбеков іс сапармен Қарағанды облысына барды.


Астана. 15 тамыз. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының аймақтарға іс сапары барысында Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков  Балхаш мыс қорыту зауыты жұмысшыларымен кездесті.

Кездесу барысында депутат Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттарға тоқталып, өткен сессия бойынша Мәжілісте атқарылған жұмыстар төңірегінде кеңінен әңгімеледі.

Өз кезегінде зауыт жұмысшылары толғақты мәселелерді қозғады. Металлургтер әсіресе, өнеркәсіптің аса зиянды саласында қызмет етіп жүрген жұмыскерлердің жалақысын өсіру, Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарының экологиялық жайы, сондай-ақ, «Құрметті металлург» атағын қайтару сынды мәселелерге ерекше көңіл бөлді.

  Кездесу иелері сұрақ-жауап алмасып, өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға уағдаласты. 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan