The website color
Distance between letter distance
Images
26.01.2018

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


         Астана, 26 қаңтар, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

        Депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

          Заң жобасы әлеуметтік тапсырыс негізінде іске асырылатын әлеуметтік жобалардың тақырыптарын әзірлеу және бағалау процесі барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бағалау процесі барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның өзара іс-қимылының жаңа практикасын енгізу көзделеді.

         Бұл практика жоғары деңгейдегі ашықтықты және азаматтардың кеңінен қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жөніндегі арнайы ақпараттық ресурстың қызметін ұйымдастыруға негізделеді.

          Сондай-ақ, бюро отырысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасын жалпы отырыста жұмысқа қабылдауды қарастырды.

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты, 74-63-01,

суретті түсірген Жаслан Құспанов)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan