The website color
Distance between letter distance
Images
06.05.2019

Н.Нығматулин Ресей Мемлекеттік Думасының Спикері В. Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады


 

                Мәжіліс үйі, 6 мамыр. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері Вячеслав Володинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Шереметьево әуежайында орын алған ұшақ апатынан қаза болғандардың қайғылы оқиғасы туралы ақпаратты қатты күйзеліспен қабылдадық. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының атынан және жеке өз атымнан марқұмдардың отбасы мен барша жақындарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.

Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan