The website color
Distance between letter distance
Images
06.09.2019

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


 

Нұр-Сұлтан. 6-қыркүйек. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

                Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттарының қарауына Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялауға арналған заң жобасы ұсынылады. 

Бюро отырысында алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың бесінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары және бірқатар басқа да мәселелер назардан тыс қалмады.

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).

               

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan