Қырықбаев
Темір
Базарбайұлы

VIII сайланған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Заң шығару қызметі
23.01.2024

Депутат Т. Қырықбаев «1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша баяндама жасады

26.12.2023

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


21.11.2023

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыланды

14.11.2023

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу  туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң  жобасы

17.10.2023

Т. Қырықбаев «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»ҚР Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде Комитет отырысында баяндама жасады 

16.10.2023

Темір Қырықбаев «2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі ретінде отырысқа қатысты

04.09.2023

Жұмыс тобында барлық мәселелер талқыланып болған соң, депутат Т. Қырықбаев жұмыс тобы мүшелерін осы Заң жобасын қолдап, оны Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысына шығаруды ұсынды

30.06.2023

Бұл сессия небәрі 100 күнге созылды. Жалпы, Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, оның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойды.

15.06.2023

«Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан Сауда және интеграция, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет, Сыртқы істер министрлігінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ сараптамалық және мүдделі ұйымдардан «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты. 


06.06.2023

Күн тәртібіндегі мына тақырыптар қаралды:

"Тұрғын үй саясатын жүзеге асыру туралы (Қолжетімді баспана: ағымдағы ипотекалық бағдарламаларды жетілдіру, проблемалар мен шешімдер. Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету)"

"Әуе және теміржол көлігінде, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тарифтерді белгілеу мәселелері туралы"

"Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС (бұрын – «Біріккен химиялық компания» ЖШС) жаңа технологияларды енгізу, өндірісті оқшаулау және жаңа жұмыс орындарын құру, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім көлемін ұлғайту жөніндегі міндеттері бойынша қызметінің тиімділігі"

30.05.2023

«Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағын дамыту» тақырыбында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы

23.05.2023

"Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы" тақырыптық отырысында депутат Т. Қырықбаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. С. Ыдырысовқа сұрақ қойды

22.05.2023

"Қолжетімді интернет" байланыс саласындағы ұлттық жобасы тақырыптық отырысында депутат ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сұрақ қойды

02.05.2023

Комитеттегі Заң жобаларының қорытындыларын талқылау

26.04.2023

Бүгінгі отырыста ратификациялар қаралды

26.04.2023

"Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

21.04.2023

Конкурсты өткізу шарттарына сәйкес қатысушыларға шартты жеңілдік төленген салық сомасы бойынша беріледі. Бүгінгі күні бұл сома 5 жыл ішінде әр жылы 500 млн. құрайды.

Мұндай шекті жеңілдікті тек мегаполистерде тіркелген және жұмыс істейтін ірі компаниялар ғана ала алады деп болжанады. Бірақ, талқылау кезінде 50 млн. шегі айтылды. Бұл конкурстың жариялануына бірнеше күн қалғанда ғана өзгерген үрдіс болды.

Алматы мен Астананың ірі компанияларын осылай ашық лоббилеу өңірлік жеткізушілерді шартты жеңілдіктен айырады.

Осындай әдісті қолдану неге байланысты?

20.04.2023

Бүгінгі Жалпы отырыста төрт мәселе қаралды

20.04.2023

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының таныстырылымында депутат Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Қалмұхаметұлы Төребаевқа сұрақ қойды.

Сұрақ: Біз қазір Қазақстанның көп өңірлерінен экспортқа көкөністер, қырыққабат, қауын, қарбыз жібереміз. Соны сақтандыра аламыз ба? Сақтандыратын болсақ, қалай сақтандырамыз?

Жауап: Негізі біз тауарларды сақтандыра алмаймыз, өйткені ол – тез бұзылатын заттар. Ал «KazakhExport»-тың құралдары ұзақ мерзімге жасалады, сондықтан компаниялар үлгермейді.

18.04.2023

Келісім КСРО-ның ыдырауына және оның негізінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде бар құпия өнертабыстар туралы мәліметтерге қатысты құпиялылық режимін қамтамасыз ету, бұрынғы КСРО-да жасалған құпия өнертабыстардың құқықтық қорғалуы мен құпиясыздандыру тәртібін белгілеу мақсатында дербес мемлекеттердің құрылуына байланысты әзірленді.

Келісімнің өзекті болмауына байланысты ТМД-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі ТМД шеңберінде жасалған көпжақты шарттардың қолданысын тоқтату туралы құжаттардың жобалары туралы шешімінің, ТМД-ның Атқарушы комитеті ТМД-ның мемлекет басшылары кеңесінің және үкімет басшылары кеңесінің шешімдерінің негізінде Келісімнің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Өнертабыстарды құқықтық қорғау саласында мемлекетаралық құпиялардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға 2021 жылғы 4 наурызда қол қойылды.


13.04.2023

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильяновтың жетекшілігімен заң жобасының таныстырылымы өтті

12.04.2023

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бес мәселе қаралды

12.04.2023

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстырды 

11.04.2023

Заң жобалары мен Комитет жоспарларын талқылау барысында

06.04.2023

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасының таныстырылымы

04.04.2023

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің лауазымына кандидатура туралы

04.04.2023

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына кандидатура туралы

03.04.2023

Депутат Т. Қырықбаевтың Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Скляр Роман Васильевичке сұрақ қойып отырған сәті

03.04.2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына кандидатура туралы

Депутаттық сауалдар
17.01.2024

Мерекелік іс-шараларға мемлекеттік бюджеттен қаражатты тиімсіз жұмсау проблемасын тоқтату қажет

27.09.2023

Депутат Түркістан облысын табиғи газбен, ауыз су және ағын сумен қамтамасыз ету қажет екендігін айтты

15.05.2023

Депутат Т. Қырықбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары А. С. Көлгіновке депутаттық сауал жолдады

03.05.2023

Түркістан облысындағы тозығы жеткен каналдарға күрделі жөндеу қажет

Аймақтағы жұмысы
08.01.2024

Мәжіліс депутаттары облыс әкімімен және облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында сайлаушылар тарапынан айтылған өзекті мәселелер талқыланды.

08.01.2024

Бүгін Мәжіліс депутаттары "AMANAT" партиясының фракция мүшелері Темір Қырықбаев, Ерлан Абдиев және Қайрат Балабиев "Кентау Севис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына барып, №5 Жылуэнергоорталығын қайта жаңарту жұмыстарының атқарылуын қадағалап, жұмыс барысымен танысты

04.01.2024

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың ең өзекті мәселесі су тапшылығы екен, жағдайдың ауырлығын түсініп, су қоймасын өз көзіммен көру үшін аралап қайттым

04.01.2024

Темір Қырықбаев Келес ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысып, олардың көтерген мәселелерін талқылап, алдағы уақытта шешімін табу жолдарын қарастыратынын айтып өтті

03.01.2024

 Депутат Темір Қырықбаев Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдады

03.01.2024

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы Жетісай аудандық  медициналық ұйымдарының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қозғалған маңызды мәселелердің қатарына тариф белгілеу әдістемесін және сақтандырылушының мәртебесін қайта қарау, ауылдағы медицина кадрларының тапшылығы және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселелері кірді

03.01.2024

Кездесу барысында мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, мәдениет үйлерін салу, медициналық нысандар салу, спорт кешендерін салу, көпқабатты тұрғын үйлер салу, ауыз су мәселесі қозғалды

12.07.2023

Кездесуде "Ауыл аманаты" жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие алу және техниканы лизингке рәсімдеу туралы талқылама болды

10.07.2023

Депутат Темір Қырықбаев Мәжіліс төрағасымен бірге Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті. 

Президенттің және партияның сайлауалды бағдарламаларында қолға алынған ауылды қолдау жобалары осы өңірде жақсы қарқынмен бастау алды. 

05.07.2023

Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында аудан тұрғындары өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыз су, егін суаратын сулар мен каналдар, интернет, жеке меншік мектептердегі ұстаздардың ақысы жайлы, күрделі жөндеуден өткізуді қажет ететін мектептер туралы болды.

05.07.2023

Жиын барысында ауыл шаруашылығы бағытында және субсидия мәселелері төңірегінде сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды. 

04.07.2023

Қабылдауға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Әзімханұлы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Үсенбекұлы, Аудандық партия төрағасы Есімхан Ешенқұлұлы және жауапты бөлім басшылары қатысты. 

Сондай-ақ қабылдау барысында ауданның инфрақұрылымына қатысты өзекті мәселелер мен ауыл шаруашылығына қатысты ұсыныстар көтерілді.

03.07.2023

Мәжіліс депутаттары Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдымен жүздесіп, облыстың, елдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Депутаттар заң шығарушы орган тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, бірқатар маңызды құжаттар қабылданғанын атап өтті.

Сөздері, мақалалары мен жарияланымдары
13.09.2023

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті депутаттар!

Келісімге Ереван қаласында 2022 жылғы 20 қазанда қол қойылды.

Келісімнің негізгі мақсаты халықаралық қаржы ұйымын -Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру болып табылады.

Осы Келісім:

- экспорттық қатынастарды дамытуға;

- өзара сауда, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін болады.

Заң жобасы бойынша жаңа ғана Қайрат Қалмұкаметұлы баяндап берді.

Құрметті депутаттар!

Заң жобасы жұмыс тобының, Комитеттің кеңейтілген отырыстарында мүдделі мемлекеттік органдар мен сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен қаралды.

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

Осыған байланысты, Комитет осы Заңды қабылдап,  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына жіберуді ұсынады.

Қолдауларыңызды сұраймын.

05.06.2023

"Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі" тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Т. Қырықбаев сөз сөйледі

Қызмет орталығы
28.11.2023

Бүгін Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген «Дарбаза-Мақтаарал», «Аягөз-Бақты», «Достық-Мойынты» ірі теміржол жобаларын іске асыру барысы туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өтті.

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді.

Отырыста Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Сатжан Әйтенұлы Аблалиев баяндама жасады. Бұл жобаны талқылауға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Қанат Есмұханұлы Әлмағамбетов те қатысты.

Отырыс барысында Комитет депутаттары ірі теміржол жобаларын іске асыру бойынша өзекті мәселелерді көтерді.

28.09.2023

Бүгін Мәжілістің қабырғасында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларының таныстырылымы өтті

27.06.2023

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтың №1 индустриялық паркінің аумағындағы кәсіпорындарға бару

"Единый консолидирующий центр" ЖШС резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру бойынша зауытына бару

"Digital system service" ЖШС модем шығару зауытына бару

"ATM Construction & Investment" ЖШС көпсалалы зауытына бару

Orbis Heavy Machinery автокөлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауытқа бару

Modex құрылыс зауытына бару

07.04.2023

Түркістан облысының мақта шаруаларының проблемалық сұрақтарын қарастыру барысында