Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.02.2021

Н.Нығматулин: жаңа заң жобасы соттардың жұмысын жетілдіруге бағытталған


Нұр-Сұлтан, 17 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сот жүйелері мен судьялардың мәртебесіне қатысты бірқатар заң жобалары мақұлданды.

Олар депутаттардың бастамасымен әзірленді. Бұл заң жобалары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдау және оны ағымдағы жылғы  1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу сот жүйесінің жұмысына түзетулер енгізуді талап етті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған заң жобалары сот жүйесін жаңғыртудың жалғасы екенін алға тарта келіп:

- Жақында ғана Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  сот жұмысының ашық, әділ және заман талабына сай болуына ерекше
назар аударды. Сондықтан, бүгінгі құжаттарда осы талаптарды заң жағынан
қамтамасыз етуге арналған маңызды нормалар қабылданды. Енді осы нормалар сот саласына білікті, кәсіби, тәжірибелі, жаңа мамандарды тартуға, сот процесіне жоғары технологиялық мүмкіндіктерді енгізуге жол  ашатын  болады, - деді.

Сондай-ақ, Палата Төрағасы сот жүйесіндегі реформаларды заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын атап өтті.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі