Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.08.2021

Семей - еліміздің мәдени-рухани орталығы


г

Ағымдағы жылдың 24 тамызында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ирина Унжакова, Амерхан Рахимжанов және Жанат Омарбекова аймақтарға сапары барысында, еліміздің мәдени-рухани орталығы саналатын Семей қаласына ат басы бұрып, бірқатар кәсіпорындардың, сонымен бірге М.О. Әуезов атындағы педагогикалық коллеждің, «Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, Восход кентіндегі мультикультураларды өңдеу бойынша автоматтандырылған кешеннің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті сұрақтарды талқылады.

Сондай-ақ, кездесуге жиналғандармен «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде маңызды мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын бойынша пікір алмасты.

Соның ішінде, бүгінде талай жас буынды қияға қанат қақтырып, сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан тарихи оқу орнының жыл мәселесіне баса көңіл бөлді.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі