Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.10.2021

Мәжіліс депутаттары БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Орталық Азиядағы аймақтық өкілімен кездесті


Нұр-Сұлтан, 29 қазан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан және депутат Артур Платонов Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілі Ханс Фридрих Шоддермен кездесті.

Отырыс барысында Айгүл Құспан Қазақстан БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының жұмысын жоғары бағалайтынын және ұйыммен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде, мейман босқындардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымның қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сонымен бірге, кездесуде тараптар ұйымның еліміздегі қызметінің нәтижелерін, Ауғанстандағы жағдайды, азаматтығы жоқ адамдарға құжаттарды алуға көмек көрсетуді және басқа да мәселелерді талқылады.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. Суретті түсірген С.Майлыбаев).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі