Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.03.2022

Мәжіліс Төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды


Нұр-Сұлтан, 11 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков).  


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі