Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.03.2022

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды


Нұр-Сұлтан, 11 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы болып, онда 2022 жылғы 14 наурызда өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.

Мәжіліс комитеті Қазақстан мен Армения арасындағы Армения мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алады.

Сонымен қатар алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының сауалына Бас Прокурордың ауызша жауабы туралы мәселе енгізілді.

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі