Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.04.2022

Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кандидатурасымен келісті


Нұр-Сұлтан, 11 сәуір, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр лауазымына тағайындалатын Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасын қолдады.

 Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитет отырысында қаралды.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Тамара Дүйсеноваға бірқатар сұрақтар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Тамара Босымбекқызы Дүйсенованың кандидатурасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды. Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген С.Майлыбаев


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі