Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.05.2023

Мәжіліс төрағасы ІІІ Чарльздің таққа отыру рәсіміне қатысты


Лондон, 6 мамыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльз бен Королева-консорт Камилланың таққа отыру рәсіміне қатысты.

Салтанатты іс-шара Лондондағы Вестминстер аббаттығында өтті.

Ерлан Қошанов британ монархына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

5 мамырда Мәжіліс спикері Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлимен және Мемлекеттік инвестициялар министрі лорд Доминик Джонсонмен кездесті. Айта кету керек, Д. Джонсон екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-британ үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы болды.

Сапар барысында екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ халықаралық және өңірлік саясат мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Лондонда Британ-Қазақ қоғамының төрағасы лауазымында елдеріміз арасындағы достық байланыстарды он жылдан астам белсенді дамытып келе жатқан Руперт Гудман мырзамен кездесу өтті.

Мәжілістің Баспасөз қызметі 74-63-01


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі