Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.06.2023

Мәжіліс Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Шәріпхановтың кандидатурасымен келісті


Астана, 10 маусым, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.  

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі