Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
АРСЮТИН Николай Геннадьевич
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі
1970 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.
2014 жылдың маусым айында академик Қ.И. Сәтбаев атындағы «Екібастұз инженерлік-техникалық институтын» және Қазақстан-Ресей университетін бітірген.
КӘ қатарындағы қызметі: 1988 ж. маусым-1990 ж. мамыр, (Чехов қ., Мәскеу облысы, РФ).
Еңбек жолын 1987 жылдың қараша айында Павлодар кеме жасау және кеме жөндеу зауытында рульдік мотористтің шәкірті ретінде бастады.
1990 ж.-1992 ж. «БТ – 319» рульдік-моторші, «Зымыран – 11» кемесінің моторшы-матросы, Жоғарғы-Ертіс өзен пароходтығы (Павлодар қ.).
1997 ж. – «Ертіс» ТМҚ басшысы, (Павлодар қ.);
1998ж. - 2002ж. – «Арник» ЖШС директоры, (Павлодар қ.);
2003ж.- «ДАК-НТМ» ЖШС директоры, (Павлодар қ.);
2004ж. - 2007ж. – «NURA» ЖШС коммерциялық директоры, (Қарағанды қ.)
2006ж. – 2011ж. – «Азия-Транзит ПВ» ЖШС директоры, коммерциялық директоры (Екібастұз қ.);
2011ж. - 2012ж. – «САМУР-ЭК» ЖШС коммерциялық директор, директоры, (Екібастұз қ.);
2012 ж. – 2019 ж. – «KSP Steel» ЖШС №2 Павлодар филиалының директоры (Екібастұз қ.);
2019ж. - 2021ж. - Екібастұз қаласындағы «Промин Вест Алматы» ЖШС филиалының директоры;
2020ж - 2023ж. – «FESIL Group» ЖШС директорының кеңесшісі, ФСА өндіру зауытын салу жөніндегі жобаның жетекшісі;
2021 ж. – 2023 ж. – «KEREMET ENERGY» ЖШС директорының кеңесшісі;
2010ж. – 2023ж. – «NoMad» шаруа қожалығының басшысы (Павлодар облысы).
Жұмыс барысында қауіпті өндірістік объектілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшы қызметкерлер үшін аттестаттаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Әр уақытта: «Нұр Отан» ХДП мүшесі, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Екібастұз филиалының төрағасы; Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды.
Екібастұз қаласының қоғамдық кеңесінің мүшесі болып табылады; «Екібастұз болашағы үшін» Қоғамдық Бірлестігінің атқарушы директоры; «Екібастұз қаласының өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» Қауымдастығы нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті; «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Екібастұз филиалының басшысы; Павлодар облысы бойынша Nomad MMA Республикалық федерациясының вице-президенті; Қазақстан Республикасының «Үміт» балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
«АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (2023).
2023 жылғы наурыздан бастап - VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АУЫЛ» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен (2015); «Шапағат» төсбелгісімен (2020) марапатталған; бірқатар ведомстволық айырым белгілері мен медальдары бар.
Екі ұлы мен немерелері бар.

Жеке парағы