Жеке парағыҚҰСПАН Абзал Темірғалиұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі 1978 жылғы 23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "Юриспруденция" мамандығы бойынша үздік бітірген.
Қызметі:
08.2000 - 11.2000 – Қазақ мемлекеттік заң академиясының Орал қаласындағы филиалында оқытушы
11.2000 - 09.2006 – Батыс Қазақстан облысы прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен
09.2006 - 09.2009 – жеке заңгер
09.2009 - 03.2023 – Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты
03.2023 бүгінгі күнге дейін VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты