Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ПОНОМАРЕВ Сергей Михайлович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
Орыс, 1961 жылы 5 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі – жоғары, әскери атағы - отставкадағы капитан.
1978-1980 жылдары орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы «Алма-Ата строй» тресінің «Университетстрой» СМУ бетоншы-монтажшысы болып жұмыс істеді, әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Әуезов атындағы қазақ драма театры, «Байқоңыр» кинотеатрының құрылыстарына қатысты.
1980-1982 жылдары Оралдағы Березняки қаласында әскерде борышын өтеді.
1983-1986 жылдары Алматы қаласындағы республикалық радио-теле орталығының көбейту машиналарының операторы болып жұмыс істеді.
1988 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ, «Журналистика» мамандығы бойынша бітірді.
1986-1991 жылдары Қазақ радиосында редактор және жүргізуші.
1991 жылдан 1998 жылға дейін КТК телеарнасында жаңалықтар жүргізетін корреспондент.
1998 жылдан 2003 жылға дейін «Хабар» агенттігінің жаңалықтар жүргізушісі, комментатор болып НТВ (Ресей) телеарнасымен қатар жұмыс істеді, Орталық Азия бойынша репортаждар жасады.
2003 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласындағы Орталық Азия елдері бойынша «1 канал» (Ресей) бюросын басқарды.
2007-2012 жылдары ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы президентінің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі.
2009 жылдан 2011 жылға дейін «Хабар» телеарнасында «Бармысым, бауырым» бағдарламасын жүргізді.
2011 жылдан 2014 жылға дейін КТК телеарнасында «Аптаның портреті» бағдарламасын жүргізді.
2020 жылдан бастап «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
2018-2021 жылдары Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты. Белгілі қоғам қайраткері, экоактивист.
2023 жылғы наурыздан бастап - Алматы қаласынан VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Марапаттар:
«Құрмет» Ордені
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хаты
ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың 2021 және 2022 жылдардағы Алғыс хаты
Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Б.Сағынтаевтың алғыс хаттары
"Қазақстанның құрметті журналисі" құрмет белгісі
Журналистер конкурстарының жеңімпазы, ТМД елдерінің журналистер арасындағы «Алтын етістік» конкурсының Гран-при иегері, 2003ж.
Үйленген, 4 баласы бар.

Жеке парағы