Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының
Фракциясы Төралқасының
2023 жылғы 24 сәуірдегі № 006 хаттамасымен
«БЕКІТІЛДІ»
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі
«AMANAT» партиясы Фракциясының I сессиясына арналған
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ р/с | Іс-шаралардың атаулары
| Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі
| Жауапты орындаушылар |
ФРАКЦИЯНЫҢ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫ | ||||
1. | Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте III сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді іске асыруды қарастыратын заң жобаларын келесі сұрақтар бойынша жан-жақты қарау және талқылау: - органикалық өнімдердің өндірісі және айналымы; - сот жүйесін реформалау; - қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы; - резервтегі қызметтер; - денсаулық сақтау; - кәсіби біліктілік; - бизнес жүргізу; - тұрғын үй саясатын реформалау; - жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнама; - қоғамдық бақылау туралы; - Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы; - жылу энергетикасы туралы. | ҚР Үкіметі әзірлеген заң жобаларына ұсыныстар
бастамашылық заң жобалары
| заң жобаларының келіп түсуіне қарай
сессия барысында | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д.Сүлейменова Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері, депутаттар – Фракция мүшелері
|
2. | Фракция депутаттарының бастамашылық еткен заң жобаларымен жұмыс: - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Е.В. Смышляева); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Е.Т. Жаңбыршин); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау, электр энергетикасы және табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Д.Н. Тұрғанов); - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Н.К. Әшімбетов); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Д.В. Колода); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» | заң қабылдау | сессия барысында | депутаттар – Фракция мүшелері
|
3. | Қазақстан Республикасы заң жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстелдерге қатысу: - «Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі туралы»;
- «Жылу энергетикасының өзекті мәселелері» (Екібастұз қаласында);
- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы». |
ұсынымдар
ұсынымдар
ұсынымдар |
мамыр 2023 ж.
мамыр 2023 ж.
маусым 2023 ж. |
Ж.Д. Сүлейменова депутаттар – Фракция мүшелері
Д.Н. Тұрғанов депутаттар – Фракция мүшелері
Е.В. Смышляева депутаттар – Фракция мүшелері |
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» АТТЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН ЖӘНЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ | ||||
4. | «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасының іске асыру барысын мониторингілеу және бақылау. | «AMANAT» партиясының Төрағасы атына ақпарат | сессия барысында | П.О. Казанцев, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты |
ФРАКЦИЯ ІС-ШАРАЛАРЫ | ||||
5. | Фракция Төралқасы құрамын бекіту бойынша «AMANAT» партиясы депутаттар тобының Жиналысы | қаулы | 29 наурыз 2023 ж. | Е.С. Бейсенбаев, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты
|
6. | Ұйымдастырушылық мәселелер бойынша Фракция Жиналысы | қаулы | 4 сәуір 2023 ж. | Е.С. Бейсенбаев, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты
|
7. | Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы шеңберінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасын іске асыру мәселелерін талқылау | қаулы | 21 сәуір 2023 ж. | Е.В. Смышляева, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты |
8. | «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың табысын арттыру мәселелерін талқылау бойынша Фракцияның кеңейтілген Жиналысы | қаулы | мамыр 2023 ж. | Е.В. Смышляева, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты |
9. | Фракция мүшелерінің бекітілген өңірлерге шығуы туралы Фракция Жиналысы | қаулы | маусым 2023 ж. | Е.С. Бейсенбаев, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты |
Фракция Төралқасының отырыстары | ||||
10. | Фракция қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша Фракция Төралқасының отырысы | хаттама | апта сайын, дүйсенбіде | Фракция Төралқасы мүшелері, Фракция Аппараты
|
БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫНЫҢ | ||||
11. | 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есебін қарау
| ұсыныстар | мамыр 2023 ж. | М.Т. Такиев, П.О. Казанцев, Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері |
БАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ | ||||
12. | Депутаттар – Фракция мүшелерінің «Депутатқа өтініш» онлайн-қабылдау, ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты және әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен жүйелі жұмысын ұйымдастыру
| өтініштерді қабылдау, өтініш берушіге ақпарат беру | тұрақты түрде | А.Ә. Сарым депутаттар – Фракция мүшелері |
13. | Депутаттар – Фракция мүшелеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында және танымал әлеуметтік желілерде онлайн-қабылдау бөлмелері арқылы өтініш беру ықтималы бойынша сайлаушыларға жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру
| әлеуметтік желілердегі хабарлар | тұрақты түрде | А.Ә. Сарым депутаттар – Фракция мүшелері |
14. | Депутаттарды нақты өңірлерге бекітуді ескере отырып, өңірлердегі көшпелі жұмысын ұйымдастыру | депутаттар – Фракция мүшелерінің өңірлерге шығу кестесі | шілде-тамыз 2023 ж. | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д. Сүлейменова Фракция Аппараты |
15. | Жоспарлы өңірлерге шығу аясында депутаттардың кездесулері кезінде сайлаушылар көтерген проблемалық мәселелерді жинақтау және жүйелендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру | бекітілген нысан бойынша есеп | өңірлерге шығу аяқталғаннан кейін үш күн ішінде | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д. Сүлейменова Фракция Аппараты (жинақ), депутаттар – Фракция мүшелері |
16. | Ағымдағы жылғы 19 ақпаннан 17 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны кезеңінде сайлаушылар көтерген жүйелі проблемаларды атқарушы билік органдарының шешуі барысын мониторингілеу | «AMANAT партиясының Төрағасы атына ақпарат, депутаттық сауалдар, БАҚ және әлеуметтік медиада ақпарат | тұрақты түрде | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д. Сүлейменова, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты
|
17. | Бекітілген кестеге сәйкес депутаттар – Фракция мүшелерінің партияның Республикалық қоғамдық қабылдауындағы жұмысын ұйымдастыру және бақылау | азаматтарды қабылдау | сессия барысында, жеке кесте бойынша | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д. Сүлейменова, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты |
18. | «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысы туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары – Фракция мүшелері үшін ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау
| ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар | депутаттардың өңірге шығуына орай | П.О. Казанцев, Е.Б. Саиров, Ж.Д. Сүлейменова, Фракция Аппараты |
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ | ||||
19. | «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысына мониторинг пен бақылауды жариялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге депутаттар – Фракция мүшелерінің қатысуын ұйымдастыру | БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлар | сессия барысында | П.О. Казанцев, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты
|
20. | Өтініштер мен өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушылар көтеретін проблемалардың депутаттар – Фракция мүшелерінің қатысуымен оң шешім тапқанын жедел жариялауды ұйымдастыру | БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлар | сессия барысында | А.Ә. Сарым, депутаттар – Фракция мүшелері, Фракция Аппараты
|
_____________________________________