Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.12.2012

30.11.2012

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының бір топ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің ант беру рәсімі өтті.

1991 жылдың 1 желтоқсаны күні Ел тарихында бірінші рет қазақстандықтар жалпы халық болып, ынтымақ пен бірлік танытып Қазақстан Президентін сайлаған болатын. Содан бергі өткен 21 жылда – айтуға аз болғанымен, тарихта ғасырға тең кезеңде тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында біздің еліміз Орталық Азия өңірінде де, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында да алдыңғы қатардағы мақтануға тұратын орынды иеленді. Халықаралық аренада да Қазақстанның мәртебесі өсіп, біздің елімізді барлығы ерекше мойындады. Осының нағыз айғағы ретінде, жақында ғана Астанамыздың Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізуді айқын басымдылықпен жеңіп алғанын айтсақ болады. Қазақстан мемлекеттік қызмет саласында да аймақтық көшбасшы болып табылады. Мемлекеттік қызмет саласын одан әрі дамытуға бағытталған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелерi бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын Мәжіліс жақында мақұлдады. Аталған заң жобасының қабылдануы мемлекеттік қызметтің қазақстандық жүйесін заманауи үрдістерді ескеретін озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруге бағытталған. Мәжіліс Аппаратының Басшысы Үсен Жетенов мемлекеттік қызметке алғашқы рет орналасушыларға «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған ішкі және сыртқы сарабдал саясатының арқасында әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар, заман талабына сай өркендеген, қарқынды дамушы мемлекет құру қамтамасыз етілді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы, қоғамдағы келісімнің қалыптасуы үшін қажет жағдайлардың барлығы жасалды. Сонымен бірге Елбасының мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді халыққа қызмет етуге бейімдеуге бағытталған қазақстандық мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастырғанын атап өтті. Ант қабылдау салтанатына Мәжіліс Аппаратының 22 мемлекеттік қызметкері қатысты. Салтанатты рәсім соңында бүгін ант қабылдаған жас мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жасап жатқан қамқорлығына ризашылықтарын білдіріп, білікті, адал істерімен еліміздің өсіп-өркендеуіне бар күш жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді.
02.07.2012

Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының аяқталуына орай Мәжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен Аппарат қызметкерлеріне арналған оқуы болып өтті.

Бұл шара Аппарат жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарларын белгілеуге арналды. «Палатаның заң жобаларымен жұмысындағы Парламент Мәжілісі Аппаратының рөлі мен орны» деген тақырыпта өткен басқосуда бесінші шақырылымның бірінші сессиясының қорытындылары туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары Әлия Қадырбаева баяндама жасап, өткен кезең ішіндегі жұмыстарға тоқталды. Палатадағы салалық комитеттердің және жұмыс топтарының заң жобаларымен жұмыс жүргізудегі қызметін ұйымдастыру туралы Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Аманбек Рамазанов баяндап берді. Заң жобаларының құқықтық сараптамасының маңызы туралы айтқан Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары Мархабат Қосабаева бірінші сессия барысындағы Палатаның іс-тәжірибелеріне тоқталып өтті. Келіп түскен заң жобаларының тіркеуге алынғанға дейінгі тексерудің ерекшеліктері жөнінде Құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Қалманбетова, сондай-ақ Редакциялау және аударма бөлімінің меңгерушісі Дәуітәлі Омашұлы баяндап берді. Бұдан кейін ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Басшысы Ерғали Егемберді алдағы жұмыстар туралы өз пікірін ортаға салды. Аппарат оқуын ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары С.Дьяченко қорытындылады.
21.04.2012

МӘЖІЛІС – СЕНБІЛІК

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Кең ауқымды экологиялық акция шеңберінде мәжілісмендер екі жүзден астам ағаш көшетін отырғызды. Көшеттер Астананың Ботаникалық бағынан алынған. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаласына егілген ағаштар біздің еліміз сияқты жыл сайын өсіп-өркендеп, астаналықтардың көз қуанышына айналады деген сенім білдірді. Сәуірде өтетін дәстүрлі сенбілікке үш саяси партияның Мәжілістегі фракциялары мен Қазақстан халық Ассамблеясының депутаттары және солармен бірге парламенттік мемлекеттік қызметкерлер болып үш жүздей адам қатысты.
30.03.2012

Алматы қаласының Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 22 оқушысы мен 2 мұғалімі Парламент үйіне келді. Олар ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның фракция мүшесі Нұртай Сабильяновтың арнайы шақыруымен Астананы көруге келді.

2011 жылдың 2 желтоқсан күні Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 20 жыл» деген тақырыптағы салтанатты кешке Нұртай Сабильянов қатысқан еді. Осы отырыста Н.Сабильянов Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 20 мектеп оқушысын Астана қаласына шақырып, Елордамыздың бүгінгі келбетін, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерді өз көздерімен көруге оқушыларға мүмкіндік жасайтынын айтты. Мектеп оқушылары Астана қаласымен танысып, аралап көрді. Экскурсия барысында олар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайын, «Бәйтерек» кешенін көрді. Алдағы екі күнде балалар «Думан» ойын-сауық орталығын, Хан Шатырды, Бейбітшілік және келісім сарайын, Елорданың басқа да көрікті жерлерін аралайды. Парламент қабырғасында өткен кездесуде Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов пен Гүлмира Исимбаева Парламенттің құрылымы, Мәжілістің заң шығару қызметі жайлы айтып берді. Депутатпен кездесу кезінде оқушылар өз ой-пікірлерін айтты. Қонақтар Парламенттің бірлескен отырыс залын және Мәжілістің жалпы отырыс залын аралап көріп, фотосуреттерге түсті.
16.03.2012

13-15 наурыз аралығында НАУРЫЗ мерекесін тойлауға арналған спартакиада

Шахмат турнирінің кортындылары:
1 орын: ҚР Парламентінің ШБ
2 орын: ҚР Парламент Сенаты
3 орын: «Нұр Отан» ХДП
Үздік шахматист: Қожахметов Марат
16.03.2012

13-15 наурыз аралығында НАУРЫЗ мерекесін тойлауға арналған спартакиада

Кіші футбол турнирінің қортындылары:
1 орын: «Нұр Отан» ХДП
2 орын: ҚР Парламентінің ШБ
3 орын: ҚР Парламент Мәжілісі
Номинация бойынша:
Шабуылшы: Әбдуманапов Зейнулла (ҚР Парламент Мәжілісі)
Қорғаушы: Бексұлтанов Бақдаулет («Нұр Отан» ХДП)
Қақпашы: Құсаинов Талғат (ҚР Парламентінің ШБ)
16.03.2012

13-15 наурыз аралығында НАУРЫЗ мерекесін тойлауға арналған спартакиада

Стол тенисінің қортындылары:
1 орын: ҚР Парламент Мәжілісі
2 орын: ҚР Парламентінің ШБ
3 орын: «Нұр Отан» ХДП
Үздік ракетка:
Ерлер арасында: Бөлекбаев Серік
Әйелдер арасында: Қабыкенова Зарина