The website color
Distance between letter distance
Images
29.10.2014

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

 

 

Астана, 29 қазан. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең,  30 қазан күні   Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму  комитетінің ұйымдастыруымен «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмыс шеңберінде «Бүкілқазақстандық мәдениеттің қазіргі жай күйі және даму үрдістері» тақырыбында социологиялық зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы өтеді.

 

сағат 11.00-да  Конференц-залда

 

«Бүкілқазақстандық мәдениеттің қазіргі жай күйі және даму үрдістері» тақырыбында Еуразиялық интеграция институтының директоры, заң ғылымының кандидаты Ж. Құсманғалиева негізгі баяндама жасайтыны күтілуде.

 

Таныстырылым шегінде Қазақстан мәдениетінің даму проблемалары талқыланады,

 

Таныстырылымға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мәдениеттің көрнекті қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар қатысады. 

 

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan