The website color
Distance between letter distance
Images
28.01.2015

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

 

 

Астана, 28  қаңтар. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең,  29 қаңтар  күні   Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму  комитетінің ұйымдастыруымен   сағат 11.00-де  

 Оқушылар сарайында (Астана қ, Бауыржан Момышұлы, 5)

Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Парламент Мәжілісіндегі  «Нұр Отан» партиясының Фракциясы ұйымдастырған дөңгелек үстел өтеді.

Оның тақырыбы: «Шығармашылық жағынан белсенді тұлғаны қалыптастыру мен дамыту факторы ретіндегі жастар мәслихаттары».

 

Оның жұмысына Мәжіліс депутаттары, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының өкілдері, білім беру қызметкерлері, студент жастар,  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері қатысады.

Жастармен кездесу сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Кездесуде қазіргі таңдағы қоғамда жастар мәселесіне қатысты өзекті тақырыптар қозғалып, депутаттар мен жасөспірімдердің пікір алмасады.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan