The website color
Distance between letter distance
Images
24.04.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 24 наурыз, Мәжіліс үйі.   Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

                Мәжілісмендер назарына Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасын, ілеспелі түзетулермен екінші оқылымда  қарау ұсынылған.

                Сондай-ақ, осы күні халық қалаулылары Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау бойынша заң жобаларын қарайды.

                Мәжілісмендер Каспий теңізінің түбін Түрікменстанмен бөлу туралы келісімді ратификациялауға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.

                Сондай-ақ, Бюро отырысында «Қазақстанның мұнай-газ секторының даму проблемалары мен перспективалары» тақырыбында  парламенттік тыңдау өткізу мәселесі де талқыланды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз  қызметі. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan