The website color
Distance between letter distance
Images
15.07.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ПАРЛАМЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ПАРЛАМЕНТ ПЕН ҮКІМЕТТІҢ БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ

 

Астана, 15 маусым. Мәжіліс үйі. Парламент  Палаталарының бірлескен отырысына төрағалық еткен Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында Елбасы жүктеген міндеттерді алға тарта келіп, осыған орай барлық мемлекеттік органдар оған қажетті іс-әрекеттер жоспарын әзірлеп-қабылдау керектігін айтты.

Спикердің атап өткеніндей, Мәжілісте жалпы Палата бойынша, сондай-ақ, құрылымдық бөлімдерде заң шығармашылық жұмыстарға жан-жақты талдау жасау басталып кетті. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижесі арнайы шығарылған ақпараттық-талдамалық баяндамада көрініс тапты.

Онда нақты заң жобасы бойынша жүйелі мониторинг жүргізіліп қана қоймай, заңнамалық реттеуді қажет ететін, талқылауға қатысушылар көтерген, осы саладағы өзекті мәселелерге де талдау жасалынады.

- Сондықтан, сессия сайын қайталанып отыратын проблемалардың кешенді шешімін табуы үшін біз Парламент пен Үкіметтің бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынамыз. Ол Елбасы жүктеген тапсырмаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз етуге жол ашады,-деп түйіндеді сөзін Мәжіліс Төрағасы.

    

      

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan