The website color
Distance between letter distance
Images
06.10.2015

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСЕЙДЕН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАННАН КЕЛГЕН ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ


МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ РЕСЕЙДЕН ЖӘНЕ ТӘЖІКСТАННАН КЕЛГЕН ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

 

                Астана, 6 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы барысында Ресей және Тәжікстан парламенттері палаталарының төрағаларымен екіжақты кездесу өткізді.  

                Атап айтар болсақ, Мемлекеттік Дума төрағасы Сергей Нарышкинмен қазақстандық-ресейлік өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайын талқыланды.

                Қабиболла Жақыпов форум талқысына ұсынылған ЕАЭО мәселелерінің Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі»  бастамаларымен түйісуінің маңыздылығына тоқталып, оның аймақтағы барлық елдер үшін экономикалық зор тиімділігін атап өтті.  

                Сергей Нарышкиннің айтуынша, ЕАЭО Армения мен Қырғызстанның қосылуы, басқа да елдердің қызығушылығы аталған экономикалық бірлестіктің әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

Мемлекеттік Дума төрағасы барлық деңгейде қазақстандық- ресейлік ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, екі елдің парламенттік өкілдерінің түрлі халықаралық алаңдардағы жұмысына көңілі толатындығын білдірді.  

Тәжікстан Оли Мәжілісінің төрағасы Шукурджон Зухуров Мәжіліс Спикерімен жүздесу барысында екі ел қарым-қатынасының стратегиялық сипатына назар аударды. Ш.Зухуровтың айтуынша, біздің еліміздің әсіресе, экономикалық саладағы табыстары Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыра түсуде. Сонымен қатар, Тәжік парламентінің өкілі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік қауымдастықтың қолдауына ие болып отырған бастамаларының өзектілігіне тоқталды.  

   

                 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan