The website color
Distance between letter distance
Images
23.10.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


     МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 23-қазан, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Халық қалаулылары назарына «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Бұл құжат бағалы металдар мен асыл тастардың өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудің және бақылаудың бірыңғай заңнамалық негізін қалыптастыру, ұлттық заңнаманы үйлестіру және зергерлік өнеркәсіпті дамыту үшін жағдай жасау.

Сонымен қатар, жалпы отырыста спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралмақ.

Бұл заң жобасының негізгі мақсаты спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты құқықтық қарым-қатынастарды реттеу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуының алдын алу.

 

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 

 

      

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan