The website color
Distance between letter distance
Images
29.06.2016

МӘЖІЛІС-ЕҚЫҰ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ФОРМУЛАСЫ


МӘЖІЛІС-ЕҚЫҰ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА ФОРМУЛАСЫ

 

 Астана, 29 маусым. Мәжіліс Үйі.

 

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев ЕҚЫҰ бағдарламасының Астанадағы Кеңсесінің Басшысы Елші Дьерд Сабомен  кездесті.

Мейманды жаңа орынға тағайындалуымен құттықтаған депутат, өз кезегінде Елшінің  Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануымен құттықтауына алғыс білдірді. Елші бұл оқиғаны Қазақстанның беделінің және жеке Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегінің нәтижесі  деп баға берді.

Мәжілістің Комитет төрағасы Қазақстан ЕҚЫҰ бағдарламасының Кеңсесі – ЕҚЫҰ жаңа көшпелі форматының  2015 жылдың 15 қаңтарынан жүзеге асырылатынына баса назар аударды.

Сонымен қатар кездесуде демократиялық процесстердің келешекте даму мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» Заңын жүзеге асыру  шеңберінде өткізілетін оқу семинарларының жайы талқыланды.

Парламенттік өлшемдер туралы айта келе,  тараптар  жаңа формуланы жүзеге асыруда  ынтымақтастық көкжиегінің кеңейе түсуі  қажеттігін айтты.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan