The website color
Distance between letter distance
Images
01.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ АТТАНДЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ АТТАНДЫ

 

Астана, 1 шілде. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерге аттанды. Барлық үш партия мен Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған мәжілісмендер тек облыс пен аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен алыс ауылдарға да шығатын болады.

Халық қалаулылары еңбек ұжымдары мен өндіріс пен әлеуметтік саладағылармен жүздесіп, қоғамдық қабылдау жасайтыны жоспарланған.

Депутаттар бәрінен бұрын Парламенттің алтыншы шақырылымының бірінші сессиясындағы заң шығару жұмысына есеп береді.  «Мәңгілік Ел» патриоттық акті мен «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының жүзеге асырылуы жайында да халыққа айтып береді.

Сонымен қатар депутаттар бюджет қаржысынан іске асырылатын «Нұрлы жол» 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының обьектілерінің жағдайын білетін болады.

Мәжіліс депутаттары «Нұр Отан», «Ақжол» ҚДП, ҚХКП және Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған.

Алғашқы кездесулер, бүгін, 1 шілдеде Атырау мен Қызылорда облыстарында басталды.

Мәжіліс депутаттарының халықпен жүздесулері 1-шілде мен 26 тамыз аралығында өтетін болады.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan