The website color
Distance between letter distance
Images
02.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

 

 

Астана. 2-шілде. Мәжіліс үйі. Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бақытбек Смағұл және Балайым Кесебаева Қызылорда  облысына жасаған жұмыс сапарында партияның жергілікті өкілдерімен бірге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандарда болды.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, мәжілісмендер алдымен Қызылорда қаласы «Титов» м/а орналасқан  «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы аясында «Өндіріс» индустриялық аймағында» электр жабдықтау құрылысымен танысты. Жоба құрылысына  610 628 млн. теңге қаржы бөлінген.

Аталмыш топ бұдан соң бағдарлама аясында салынып жатқан 280 балаға арналған балабақшаға барды. Балабақша құрылысының жалпы құны – 525 324 мың теңге.

Мәжіліс депутаттары мектепке дейінгі тәрбие беру ошағының жұмысын жоғары бағалады. Сонан соң халық қалаулылары «Сәулет» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мұнда бесқабатты 7 үй салынып жатыр. 

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандары жұмысымен танысқан халық қалаулылары мердігерлерге әрбір тиынның мақсатты жұмсалуы мен құрылыс сапасының талапқа сай болуын қатаң ескертіп, өз ұсыныстары жеткізді. Мәселен, «Сәулет» мөлтек ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысқан Балайым Туғанбайқызы «Тұрғын алаңындағы жаяу жүргіншілер жолының тарлығы, балалар ойын алаңдарында тұратын ойын құралдарын балалар қауіпсіздігі үшін  темірден емес,  заманауи пластик материалдардан жасау керек»- деген ұсыныстарын  айтты. 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan