The website color
Distance between letter distance
Images
04.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САПАРЫ ҚОСТАНАЙДА ЖАЛҒАСТЫ


 

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САПАРЫ ҚОСТАНАЙДА ЖАЛҒАСТЫ

 

 

Астана. 4-шілде. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Иван Клименко мен  Құралай Қаракен Қостанай облысында болып, ет өнімдерін қалдықсыз қайта өңдеу, шұжық өндіруде табысты еңбек етіп келе жатқан «Аян озат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тыныс-тіршілігімен танысты. Серіктестік тұтынушыларға бәсекеге сай жоғары сапалы және көптеген өнім түрлерін ұсыну арқылы облыстың, көршілес облыстар мен таяу шетел нарығында  өзінің орнын нық ұстауда. 1149,6 ш. м. аумаққа орналастырылған заманауи шетелдік жабдықтармен қамтылған жаңа өндірістік қондырғылар мекеменің заман талабына сай еңбек етуіне кең жол ашып отыр. «Аян озат» мекемесі директорының орынбасары міндетін атқарушы Татьяна Осипова ұжымда 170 адам жұмыс істейтінін,  олардың орташа еңбекақылары облыстың орта көрсеткішінен жоғары деңгейді құрап отырғанын жеткізді. Серіктестік бір жылда жергілікті бюджет қоржынына 45 млн. теңгеден артық кіріс әкеледі. Еңбек ұжымы болашақта кедендік одақ артықшылықтарын пайдалана отырып алыс шетелдерге өз өнімдерін шығаруды жоспарлайды.

Халық қалаулылары кәсіпорынның жұмыс цехында еңбеккерлермен жүздесіп, сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ, депутаттар Мәжілісте атқарылып жатқан жұмыстар туралы, заң шығармашылық қызметі жайлы әңгімеледі.    

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan