The website color
Distance between letter distance
Images
18.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН БАҚЫЛАУҒА АЛЫП, «БЖК-2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН БАҚЫЛАУҒА АЛЫП, «БЖК-2020» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АТҚАРЫЛУЫН ТЕКСЕРДІ

 

Астана, 18 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі Сапархан Омаров Солтүстік Қазақстан облысында партияның өңірлік филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, Петропавл қаласындағы «Юди-Дент» тіс емханасының жұмысымен және Қызылжар ауданындағы «Левин В.Д.»  атындағы жеке кәсіпкердің өндірісімен танысты.

Қабылдауға келген солтүстік қазақстандықтар Степногор кен байыту комбинатының қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі желінің пайдалануға берілуін ұйымдастыру, облыс аумағында қатты нығыздалған кірпіш өндіру үшін ғимарат бөлу мәселелерін, зейнетақының дұрыс есептелмеуі сияқты мәселелерді көтерді.

С. Омаров қойылған сұрақтарды бақылауға алатындығын және олар бойынша тиісті депутаттық сауалдар жолдайтындығын айтты.

Мәжіліс депутаты сол күні жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан   «Юди-Дент» тіс емханасының жұмысымен танысты. Бұл «Бизнес жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ашылған екінші тіс емханасы болып отыр.

«Юди-Дент» ЖШС директоры Юлия Редкинаның айтуы бойынша     үй-жай «Даму» қорының қолдауы бойынша алынған. Жобаның құны 38 млн. теңге. Жылдық алымы 12 пайызды құрайтын несие алынған, оның 7 пайызын қор субсидиялайды. Қазір клиникада 20 адам еңбек етуде. Клиника ардагерлерге, зейнеткерлерге және көп балалы отбасыларына тегін медициналық көмек көрсетеді.

С.Омаров клиниканың пациенттерімен әңгімелесті, әңгіме барысында бұл жердегі бағаның солтүстік қазақстандықтар үшін ыңғайлы екендігін атап өтті.

Мәжіліс депутаты жеке кәсіпкерлердің жұмысымен таныспақ ниетте Қызылжар ауданындағы жиһаз шығаратын «Левин В.Д.» ЖШС дүкеніне бас сұқты. Компанияның цехтарында 70-тен астам жиһаз түрлері шығарылады, оның өнімдері Астана, Алматы және Қазақстан мен Ресейдің кейбір өңірлерінің тұрғындарының сұраныстарына ие болуда.

– Біз өз жұмысымызда  тек жергілікті шикізатты пайдаланамыз, елдегі бірқатар қалалардың жеткізушілерімен табысты жұмыс істеудеміз, Ресейдің жеткізушілерімен тығыз байланыс орнатудамыз. Бізде 90 адам жұмыс істейді, жиһаз шығаратын 6 цехымыз бар, жиһаздың түр-түрін ұсына   аламыз - дейді компания директоры Владимир Левин.

Сапархан Омаров кәсіпорын жұмысына жоғары баға берді, «Қазақстанда жасалған» деген марканы көтеру керектігін  және оған «Левин В.Д.» кәсіпорнының өнімдері мысал бола алатындығын атап өтті.

Мәжіліс депутаты сондай-ақ солтүстік қазақстандықтардың ел заңнамасына ұсынған ұсыныстарына қызығушылық танытты.

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan