The website color
Distance between letter distance
Images
16.08.2016

Басты міндет -- өндірісті жаңа деңгейге көтеру


Басты міндет -- өндірісті жаңа деңгейге көтеру

Астана. 16 тамыз. Мәжіліс үйі. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бақытжан Әбдірайым Қаратау қаласындағы «Шолақтау» кен орнының жұмысымен танысып, еңбеккерлерімен жүздесті.

Еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты «Шолақтау» өндіріс алаңында бүгінде 535 адам еңбек етеді. «Қазфосфат» зауыты жылына 1 млн. 744 мың тонна фосфорит шығаратын болса, соның 40 пайызы осы кен орнына тиесілі. 2011-2015 жылдар аралығында кәсіпорынға 2,5 миллард теңге инвестиция құйылған.

Кездесу барысында депутат еліміздегі өндіріс ошақтарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетінін алға тарта келіп, қажырлы еңбектерімен мемлекет дамуына елеулі үлес қосып жатқан кәсіпорын жұмысшыларына жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі) 

 

 

 

 

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan