The website color
Distance between letter distance
Images
17.08.2016

Мәжіліс Төрағасының орынбасары германиялық делегация өкілдерімен кездесті


Мәжіліс Төрағасының орынбасары германиялық делегация өкілдерімен кездесті

 

 

Астана, 17-тамыз. Мәжіліс үйі. Бүгін Парламентте Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Германия Федеративтік Республикасы ауылшаруашылығы және азық-түлік федеративтік министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Петер Блезер бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Тараптар қазақстандық-германиялық қарым-қатынасты жан-жақты дамыту жайын сөз етті. Әсіресе ауылшаруашлығы саласына айрықша көңіл бөлген кездесу иелері қазіргі уақытта қос мемлекет арасында аграрлық-саяси үнқатысудың табысты дамып келе жатқанын алға тарта келіп, одан әрі нығайту жайына назар аударды.

Өз кезегінде мәртебелі мейман аталған салада Қазақстанның әлеуеті бүкіл әлем бойынша өте зор екенін айтып, екіжақты мүмкіндіктерді пайдалана отырып, бірлескен іс-қимылды тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. 

Кездесу барысында В. Божко Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас мәселелеріне назар аудара келіп, парламентаралық байланыс деңгейіне тоқталды.

Сонымен қатар, делегация өкілдерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан Қазақстанның стратегиялық даму жоспарларымен таныстырды.

Кездесуге сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Сапархан Омаров қатысты.  

(Зәмеш Кеңесқызы-74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

               

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan