The website color
Distance between letter distance
Images
23.09.2016

Мәжілістің Бюро отырысы өтті


Астана. 23-қыркүйек. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

      Палата депутаттары назарына бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Заң жобасының негізгі мақсаты еліміздің монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру және Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты одан әрі күшейтіп, оның нормаларын ең озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру.

Сондай-ақ, Мәжіліс осы күні «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа қабылдайтын болады.

Париж келісімі орнықты даму саласындағы мақсаттарға жетуге ықпал етеді және шығарындыларды азайту мен климаттың өзгеруіне тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік беретін шаралардың «жол картасы» болып саналады.

         Сонымен қатар, Бюро отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің  Алматы  облысында,  Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қостанай облысында көшпелі отырыстарын өткізу туралы шешім қабылданды.  

           

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan