The website color
Distance between letter distance
Images
25.11.2016

Мәжілісмендер Санкт-Петерборда ТМД ПАА күзгі сессиясына қатысты


Астана, 25 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған делегация Санкт-Петерборда ТМД ПАА күзгі сессиясына қатысты .

45-ші пленарлық отырыста парламентшілер бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Олардың қатарында «жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы», «апаттық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» модельдік заңдар бар. Сонымен қатар, террорлық және экстремистік мәселелерге қатысты ТМД қатысушы-мемлекеттердің ұлттық заңнамасын үйлестіру бойынша ұсынымдарды қарастыру көзделген.

Күн тәртібіндегі сұрақтарды қарап болғаннан кейін ТМД ПАА наградаларын тапсыру рәсімі өтті.  

ТМД қатысушы-мемлекеттерінде парламентаризмді дамытуға, демократияны нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қосқан айрықша үлесіне орай «парламенттік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалімен Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский марапатталды. Ал, ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасы Мәжіліс депутаты Жамила Нұрманбетоваға және Серік Сейдумановқа табыс етілді.  

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan