The website color
Distance between letter distance
Images
13.02.2017

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстың күн тәртібі туралы


Астана, 13 ақпан.  Мәжіліс Үйі.

 

Бүгін Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шығарылатын болды.

                Екінші оқылымда үш заң жобасы: қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мен азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және экологиялық мәселелерге енгізілетін жаңалықтар талқыланатын болады.

Күн тәртібінде Мәжіліске жаңадан келіп түскен заң жобасы да болды. Ол – «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Осы заң жобасы бойынша салалық комитетке қорытынды әзірлеу тапсырылды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan