The website color
Distance between letter distance
Images
07.04.2017

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін белгіледі


Астана. 7-сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары көлік мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде.

Осы күні  қорғаныс және әскери қызмет, сонымен бірге,  өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелеріне қатысты өзгерістер екінші оқылымда қаралмақ.

Мәжіліс депутаттары назарына сондай-ақ, Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге байланысты ратификациялық заң жобасы ұсынылады. Ал, Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.

         

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan