The website color
Distance between letter distance
Images
20.04.2017

Мәжілісте: жеке меншік медицина жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы


Астана, 20 сәуір. Мәжіліс Үйі.

 

Ертең,  «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында жеке меншік медицина жүйесін дамытудың жағдайы мен болашағы» атты тақырыпта  бірлескен отырысы болады.

Отырысқа «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Фракция жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрағасы Ш.Ә.Өтемісов төрағалық етеді.

 

Өтетін күні: 2017 жылғы 21 сәуір

Өтетін уақыты: сағат 15-00

Өтетін орны: Астана қ-сы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің конференц-залы (235А)

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Әділет, Қаржы министрліктерінің басшылары, республикалық және өңірлік деңгейде денсаулық сақтау саласында қызмет көрсететін ассоциациялардың және басқа да қоғамдық  ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

 Қаралатын мәселе бойынша, Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваның және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес мүшесі З.Ж.Аманжолованың баяндамалары тыңдалады.

 

 (Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan