The website color
Distance between letter distance
Images
22.06.2017

Н.Нығматулин мен Финляндия Парламентінің вице-спикері Астанадағы ЭКСПО жайлы әсер алмасты


Астана, 22 маусым. Мәжіліс Үйі.

Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Парламенті Төрағасының Бірінші орынбасары Маури Пеккариненмен кездесті.

Фин парламентшісі Астанада «Инновациялар экономикасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбымен өтіп жатқан Халықаралық  парламенттік конференцияға қатысуда. 

Тараптар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігін оған мемлекет басшыларының достық қатынастары игі ықпал ететінін тілге тиек етті. Қазақстан-фин серіктестіктерінің келешекте де кеңейе беруіне жақында ғана елімізге келіп кеткен Финляндия Президенті Саули Ниинистенің іс сапарының нәтижесіне де байланысты.

Н. Нығматулин мен М.Пеккаринен парламентаралық өзара байланыстарды өркендету мәселесін де қозғады.

Фин парламентшісі Астанадағы ЭКСПО жайында – оның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтіп жатқанына тоқталды. Әрі осы көрмеден Қазақстанның әлем алдында абыройы көтеріле түсетініне сенім білдірді.  Сонымен қатар М.Пеккаринен «жасыл технологияны» дамыту – дүниежүзінің алдында тұрған өзекті мәселе екендігін де атап өтті.

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan