The website color
Distance between letter distance
Images
12.10.2017

Балалардың құқығын қорғау туралы сарапшылар кеңесі


Астана, 12 қазан, Мәжіліс үйі. Жұма, 13 қазанда, Мәжілісте жұмыс тобының отырысы өтеді.

Күн тәртібінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды іске асыратын ұйымдардың қызметі туралы заңнамалық түзетулер мәселесі қарастырылған.

Іс шара сарапшылар кеңесі форматында өткізіледі.

Кездесуге Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен Білім және ғылым, Әділет, Қаржы, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Шақырылғандардың қатарында бірқатар мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдар да бар.

Ұйымдастырушылар: Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті, Еуропалық Одақ Өкілдігінің Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ), Орталық Азиядағы Penal Reform International Халықаралық түрме реформасы .

Жұмыс тобының отырысы 13 қазан күні сағат 15-00-де Мәжіліс үйінде, үшінші қабатта (А-312) өтеді.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 746301)

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan