The website color
Distance between letter distance
Images
23.11.2017

Мәжілісте елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне қатысты парламенттік тыңдау өтеді


Астана, 23 қараша, Мәжіліс үйі. Жұма, 24 қарашада, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.

Парламент депутаттары осы саланың негізгі мәселелерін және олардың шешілу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Парламенттік тыңдауға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, сонымен бірге Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысады деп  күтілуде. 

Тыңдауға Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту жүйесі кәсіпорындары өкілдерінің тақырыптық баяндамалары тыңдалады деп қарастырылуда. 

Сонымен бірге отырыста Мәжіліс депутаты, Парламенттік тыңдауды әзірлеу жөніндегі арнайы уақытша комиссиясының жетекшісі - Сәкен Өтебаев баяндама жасайды.

Шараға Парламент өкілдері мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық сарапшылардың, ғалымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұсынымдар әзірленеді.

Тыңдау 24 қарашада, сағат 10.00-де Парламент Палаталарының бірлескен отырыс залында өтеді.

Сонымен бірге тақырыпқа қатысты арнайы көрме жұмысы ұйымдастырылған.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі).

 


Using of any information is acceptable in case of indicating the link to the official website of the Mazhilis of Parliament of the Republic of Kazakhstan